Зеренді ауданына қарасты ауыл мектебінде жылу жоқ
Ақмола облысының Зеренді ауданына қарасты Симферополь ауылындағы мектепте жылу жоқ. Сондықтан 146 оқушы бүгіннен бастап онлайн оқуға ауысты. Ел бойынша жылыту маусымының басталғанына екінші апта. Ал, ауылдағы мектепке мүлдем жылу берілмеген. Себебі ғимаратқа келетін жылу құбыры жаңа спорт залы салынғаннан кейін ғана енді тартылып жатыр.
Базарбек Ысқақов, мектеп директоры:Мектепте қазіргі кезде 13-14 градус температура. Сондықтан да бүгін мен балаларды онлайнға оқуға жібердім.
Мектепке жапсарлата спорт ғимаратын салған мердігер мен жылу тарату компаниясы жұмысты бір-біріне сілтеп уақыт жоғалтқан. Дегенмен, жауапты мекеме өкілдері таңға дейін мектепке жылуды қосамыз деп уәде етті.
Асхат Елдебаев, Зеренді жылу тарату компаниясының директоры:Екі рет трассамыз кесілді. Өткен жылы да өзіміз жалғадық. Осы жылы қайтадан созылып кетті. Қолымызда облыспен келісім болған жоқ. Сол мәселеге байланысты жұмысты бастай алмай жүрдік.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15