Коронавирусқа шалдыққан 765 науқастың жағдайы ауыр. 144 адам жасанды желдету аппаратына қосылған. Тәуліктік өсім азайып келе жатқанымен елдің төрт өңірі әлі қызыл аймақта. Олар екі мегаполис - Нұр-Сұлтан мен Алматы және Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары аймақта» - 10 өңір. Елдің тек төрт облысында ғана жағдай тұрақты. Сонымен бір тәулікте 1717 адам вирус жұқтырған. Коронавирус пен пневмониядан 37 адам көз жұмды. Ал індетке қарсы екпенің бірінші компонентін алғандардың саны 7 млн 700 мың адамнан асты.
Алматы облысында да эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Соңғы тәулікте өңірде 133 адам індетке шалдыққан. Оқу жылы басталғалы 1 141 бала вирус жұқтырған. Қазір аурудың таралуы едәуір төмендеді дейді мамандар.
Қуаныш Қанатұлы