Басты Жаңалықтар Сотталғандар емдеу медицина ұйымдарының құзыретіне өтуі мүмкін

Сотталғандар емдеу медицина ұйымдарының құзыретіне өтуі мүмкін

Ел аумағында апта ішінде 2900-ге жуық қылмыс тіркелген. Соның 1800-ден астамы бір тәулікте ашылды. Қазір бізбен тікелей байланысқа әріптесіміз Нысаналы Ығыл шығып тұр. Нысаналы криминогендік жағдай туралы айтып берсең.

 Нысаналы Ығыл, тілші

Иә, бір аптада атыс-шабыс бәрі де жасалыпты. Бірақ, полицейлер жедел әрекет етіп, із суытпай 7 кісі өлтіру, тағы 2 өлімге соқтырған жағдайды, қос қарақшылық, 35 тонау 400-ден аса бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашқан. Сондай-ақ қазір сотталғандарды емдеуді денсаулық сақтау ұйымдарының құзыретіне беру мәселесі қызу талқыланып жатыр. Ол үшін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша заң шығару жұмыстары жүргізілуде. Егер мақсат орындалса, онда жазаасын өтеуші науқастарды тексеру, диагностика және сауықтыру бойынша заманауи әдістерге қол жеткізеді. Мұнымен қоса медицина қызметкерлері әкімшілік мекемелерден тәуелсіз болады. Демек, сырқатты жасыру немесе өзге де тәуекелдердің алын алуға сеп,-деп отыр. Ал бұл Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес келеді. 

Нысаналы Ығыл

Бөлісу