Атырау мұнай өңдеу зауыты маусымаралық дизель өндірісіне дайындықты бастады
Атырау мұнай өңдеу зауыты маусымаралық дизель өндірісіне дайындықты бастады. Ішкі нарықтың сұранысына сәйкес әзірге сүзгіштік температурасы минус 5 градус болатын дизель отыны шығарылады. Кәсіпорын қазіргі ахуалға байланысты биылғы жөндеуді де кейінге қалдырды. Жалпы зауыт соңғы 8 айда 1 млн 27 мың тоннадан астам дизель өндірді.
Ал, Шымкент мұнай өңдеу зауыты өндіріс қуатын арттырды. Энергетика министрлігі мен «Қазақмұнайгаз» ұлттық операторының тапсырысына сәйкес енді зауыт айына 312 мың тонна мұнайды артық өңдемек. Соның нәтижесінде енді айына 161 мың тонна дизель отыны шығарылады. Бұл өткен айдағыдан 21 мың тоннаға көп.
Алексей Шевчук, өндірістің бөлім басшысының орынбасары:Тапсырысқа сәйкес Шымкент мұнай өңдеу зауыты бүгінен бастап тәулігіне 5 мың 200 тотнна дизель отынынын шығаратын болады. Цехтарымыз жаңғыртудан өткендіктен бұған мүмкіндігіміз жетеді. Сондай-ақ 6 қазаннан бастап дизель отынының маусым аралық түрі өндіріле бастайды. Оның сапасы Еуро-4 және Еуро-5 стандартына сәйкес келеді.
1-ші қазаннан бастап Павлодар мұнай-химия зауыты жөндеуге тоқтайды» деген қауесет бекер болып шықты. Кәсіпорын қазір жұмыс істеп тұр. Тәулігіне 15 мың 200 тонна мұнай өндіріледі. Ал, жөндеу жұмыстары қазанның 19 мен 3-ші қараша аралығында жүргізіледі. Яғни, күзгі жиын-терім қызған мезгілде шаруалар жанар майдан еш тапшылық көрмейді.
Саятай Әлібаев, Павлодар мұнай - химия зауыты бас директорының бірінші орынбасары:Қазан айында біздің зауытымыз 121 мың тонна мұнай өндейміз. Және осы қазан айында 31 мың тонна дизель отынын береміз 18 мың тоннадан артық бензин береміз. Және де 6 мың газ. Зауытымыз қазір жұмыс істеп тұр.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурыз: Ұлттық құндылықтар қалай дәріптеліп жатыр?
22.03.2026, 20:34
Каспий теңізінің тартылуы ел экономикасына қалай әсер етеді?
22.03.2026, 20:10
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Сарапшылардың пікірі қандай?
22.03.2026, 20:10
Жаңа Ата заң: Қандай заңдарға өзгеріс енгізіледі?
22.03.2026, 20:05
Президент: Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолға алған жөн
22.03.2026, 20:04
Наурыз мейрамы: Мемлекет басшысы Түркістанға жұмыс сапарымен барды
22.03.2026, 20:02
Қарағанды облысында Наурыз кең көлемде аталып өтті
22.03.2026, 11:23
Алматы облысында Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланды
22.03.2026, 10:15