Халық санағы дәстүрлі форматта өте бастады
Бүгіннен бастап халық санағы дәстүрлі форматта да өте бастады. Яғни интервьюерлер үй-үйді аралап, сауалнама жүргізуде. Бүгін Ұлттық статистика бюросының өкілдері дәстүрлі санақтың қалай өтетінін айтып берді. Бұл осыған дейін онлайн санақтан өте алмағандарға қатысты. Үй-үйді аралау қазанның соңына дейін жалғасады. Бұл жұмысқа 20 мыңнан астам қызметкер жұмылдырылған. Олардың барлығы ковидке қарсы вакцина алған. Айта кетейік, дәстүрлімен қатар онлайн санақ та жалғаса береді. Оның мерзімі қазанның 15-іне дейін ұзартылып отыр. Қазір электронды түрде санақтан өткендер саны 6 миллионнан асты.
Нұрболат Айдапкелов, Ұлттық статистика бюросының басшысы:Интервьюерде санақ логотипі бар көк шарф, арнайы сөмке болады. Электронды санақ парақтары бар планшет, сондай-ақ бэйдж куәлік беріледі. Куәлікте аумақтық статистика департаменті басшысының қолымен және мөрімен расталған интервьюердің фотосы, толық аты-жөні болады.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15