Президент: Қазақ радиосының жылнамасы - халқымыздың 100 жылда жүріп өткен жолының айнасы
ҚР Президеті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ радиосын 100 жылдық мерейтоймен құттықтады.
«Қазақ радиосының жылнамасы - халқымыздың 100 жылда жүріп өткен жолының айнасы. Радио алғаш құрылған күннен бастап ел мүддесіне қызмет етіп келеді. Қазір де Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті мен ұлттық құндылықтарды жастардың санасына сіңіруге сүбелі үлес қосуда. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына тұспа-тұс келген бүгінгі мерейтойдың орын бөлек. Биылдан бастап 1-ші қазан «Радио күні» болып бекітілді. Мұның өзі бұл саланың ақпарат айдынындағы рөлі ерекше екенін аңғартады. Қазақ радиосы келешекте де мағыналы әрі мазмұнды хабарларымен ұлттың жадын жаңғыртып, мемлекетімізді нығайтуға атсалыса береді деп сенемін»делінген. Мемлекет басшысының құттықтауын салтанатты жиында вице-премьер Ералы Тоғжанов жеткізді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12