Журналист мәртебесі туралы арнайы заң қабылдануы мүмкін
«Санда бар, санатта жоқ журналистер мәртебесі туралы арнайы заң қабылдауды ұсынаным». Бүгін, Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдаған сенатор Нұртөре Жүсіп осылай деді. Оның ойынша, елдік пен мемлекеттілік ісіне тікелей қызмет етіп отырған журналистерге полиция өкілдеріне жасалғандай жағдай неге жасалмаған. Пандемия тұсында 200-ге тарта журналист пен жазушы өмірден өтті. Сенатор: АҚШ-та журналистердің жалақысы жылына 28 мыңнан 75 мың долларға дейінгі аралықта екенін мысал етті. Ал Қазақстанда журналистің бір жылда табатын табысы – 3-4 мың доллар шамасында. Түркия, Әзірбайжан сияқты елдердің де бұл істе бізден көш ілгері кеткен.
Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:Құрметті Асқар Ұзақбайұлы! Отандық масс-медиа Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасының пәрменді құралы болуы тиіс. Журналистерге сот, прокуратура, ішкі істер, адвокат, нотариус сияқты нақты мәртебе беретін кез келді. Ақпарат саласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоспарын жаңадан жасау қажет. БАҚ-тың ықпалынсыз қоғамды демократияландыру мүмкін емес.
Ғабит Бөкенбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15