Жұртшылыққа экологиялық ақпарат қолжетімді болуы тиіс - Нұрлан Нығматулин
Азаматтық қоғамның қоршаған ортаны қорғауға қатысуының ашық тетіктерін негіздеу керек. Бүгін мәжіліс депутаттары Каспий теңізін ластанудан сақтау туралы заң жобасын мақұлдады. Құжатта әр тарап теңіз ортасы мен жағалау аймақтарының жай-күйіне жауапты екені және айдынға қатысты жоспарланған шаралар туралы ақпараттың қолжетімділігі айқындалған. Осы ретте Каспийді қорғауға тұрғындардың да атсалысуына жағдай жасалуы шарт. Сала министрі экологиялық кодексте қоғам пікірі ескерілетінін атап өтті.
Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:Мәселе мынада, Серікқали Аманғалиұлы ең алдымен, адамдар экологиялық ақпаратты іздеуде мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушылар арасында шабылмауы керек. Бұған ашық қол жеткізуді қамтамасыз ету сіздің министрліктің тікелей міндеті. Кез келген жерде, веб-сайттарда, әлеуметтік желілерде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшартында көрсетілген экологиялық міндеттемелері туралы толық және сенімді ақпарат болуы тиіс. Бұл – Каспий теңізін де, қоршаған ортаны қорғауға да жұртшылықтың қатысуының басты шарты.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15