Петропавлда көмір тапшы
Петропавлда көмір тапшы. Қоймаларда таңсәріден кезекке тұрған жүк көліктерінің жүргізушілері үйлеріне бос қайтып жатыр. Қатты отынның бағасы да шарықтап тұр. Сапасына қарай тоннасы 9-15 мың теңге аралығында саудалануда.
Қызылжар өңірін Екібастұз, Майқұба, Қаражыра мен Шұбаркөл сынды кен орындары көмірмен қамтамасыз етеді. Өңір халқы қыс маусымында орта есеппен 400 мың тоннаға жуық қатты отын тұтынады. Жергілікті билік бірер күнде мәселе шешіледі деп отыр.
Бахыт Ілиясов, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:Көмірдің жоқтығы маусымдық сұранысқа байланысты. Халық жаппай отын сатып алып жатыр. Жазда қимылдағандар үшін ондай проблема жоқ. Теміржолға әзір 200 тонна көмір келді. Жақын күндері саудаға шығарылады. Қазанның бесіне дейін тауар тағы да әкелінеді. Көмір тапшылығы мәселесі шешіледі деп ойлаймын.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09