Алматыда 1500 адам алимент төлеуден жалтарып жүр
Алматыда 1500-ге жуық адам алимент төлеуден жалтарып жүр. Көпшілігі бұған жұмыстың жоқтығы себеп дейді. Сондықтан, қалалық Әділет департаменті, прокуратура және сот орындаушылар палатасымен бірігіп, бауыр еті балаларының алдындағы міндетін орындай алмай жүргендер үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Оған 20-ға жуық компания қатысып, 300-дей орын ұсынылды. Соның арқасында алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің саны азаймақ. Мұндай іс-шараны әр тоқсан сайын өткізу жоспарланып отыр, дейді ұйымдастырушылар.
Әнуар Жіксеков, Әділет департаменті атқару өндірісін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы:Осы жылда екінші рет ұйымдастырылып жатыр. Оған көптеген компаниялар келді. Олардың ішінде 300-дей орын берілді. Соған 150-ге жуық борышкер қатысты. Оның 30 пайызы жұмысқа орналасты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15