Денсаулық сақтау министрлігі вакцина салдырғандар санағын басқалай жүргізіп отыр. Әлемде екпе көрсеткішін халықтың санына қарай есептейді. Ал, бізде вакциналауға жатқызылғандармен байланыстырады. Бүгінде екі дозаны 6,5 млн тұрғын алған. Сонда 19 млн адамға шаққанда тек 35 пайызы ғана екпе салдырған боп шығады. Демек, жұртшылыққа екпе таңдауға ерік беріп, препартатты жылдам қабылдату мәселесі өткір тұр. Осылай деген мәжіліс депутаттары вице-премьер Ералы Тоғжановқа сауал жолдады. Өткен кезеңде жаппай вакцинациялауды бірнеше қайтара бұзғаны үшін шенеуніктер жауапқа тартылды ма? Сондай-ақ дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен екпелер толық көлемде елге қашан жеткізілетінін білгісі келді. Әрі шетелге шығатындар үшін мойындалған препараттарды ақылы түрде қабылдау ұйымдастырылуы мүмкін бе деп сұрады.
Нысаналы Ығыл