Елордадағы жол апаты: Аман қалған жолаушы реанимацияда жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы жол апаты: Аман қалған жолаушы реанимацияда жатыр

30.09.2021

Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апатынан аман қалған қыз көп қан жоғалтқан. Жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. 5 адамның өмірін жалмаған жол апаты бүгін түнде болған еді.

Жол апаты Сарайшық көшесіндегі көпірде болған. Тайота камри көлігі жоғары жылдамдықпен қарсы бетке шығып кетіп, Нексия равон көлігімен соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша көліктердің сау тамтығы қалмаған. 19 және 28 жастағы екі жүргізуші мен үш жолаушы қаза тапты. Тек бір адам жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Полицияның хабарлауынша қазір жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалған. Ал аман қалған 18 жастағы қыз Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығына жеткізіліп, омыртқасына шұғыл ота жасалды. Көп қан жоғалтқан оның жағдайы өте ауыр.

Бақытжан Мұратұлы, дәрігер-реаниматолог:
Қазір реанимацияда жатқан соң, жағдайы ауыр болып есептеледі. Ес-түсін білмейді ол науқас әлі. Реанимацияда әлі бірнеше күн болады. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу