Саяси қуғын-сүргін құрбандары толық ақталуы керек
Отырықшыландыру мен күштеп ұжымдастырудың озбырлығын көрген жандарды толық ақтау бүгінгі күннің басты талабы. Осы мәселені мемлекеттік деңгейде көтерген комисия әр өңірде жұмыс топтарын құрды. Семинарға қатысқан ғалымдар қазіргі кезде жүргізіліп жатқан зерттеулер тәжірибесімен алмасты. Мысалы, 1932 жылғы "Үш масақ" туралы заңды орындау барысында шаруаларға қатысты кең және қатал репрессиялар қолданылды. Масақтарды теріп үйлеріне алып кетуге мәжбүр болғандар ату жазасына кесілді. Қазір құрбанға айналған Қазақстан шаруаларын толық ақтау процесі жүріп жатыр. Бұрыннан шаң басқан архивтегі деректер келешекте салиқалы еңбектерге айналары сөзсіз дейді ғалымдар.
Арайлым Мұсағалиева, тарих ғылымдарының докторы:Біздің мақсатымыз - баға беру емес, біздің мақсатымыз негізінен ақтау. Репрессияға түскен жазықсыз, осы астық дайындау, мал дайындау шараларында құрбандарды ақтау мәселесі біздің ең басты мақсатымыз болып табылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15