Баспана бағасы қымбаттамайды - ИИДМ
Баспана бағасы көтерілмейді. Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қымбатшылыққа қатысты болжамды жоққа шығарды. Бұған дейін құрылысшылар одағының төрағасы шаршы метр құны көктемде 20-30 пайызға өсетінін айтқан еді. Бұған цемент, бетон, арматура секілді материалдардың қымбаттауы себеп деген болатын. Десе де жауапты министрлік өкілдері баспана бағасының көтерілуіне негіз жоқ дейді. Айтуларынша биыл үйдің 13-15 процентке қымбаттауына, пандемия мен зейнетақы қорындағы ақшаның берілуі әсер еткен. Енді мұндай факторлар жоқ дейді. Тіпті құрылыс материалдарын жақын болашақта 100 пайыз өзімізде өндіретін боламыз деп отыр.
Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:Біздегі нарықтың 60 пайыз өзіміздің материалдармен қамтамасыз етіледі. Бірақ дегенмен біз алдымыздағы 3-4 жылдық перспективада кейбірін 1-2 жылда өндірісін толық отандық қылып қамтамасыз ететін боламыз.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06