Ұлтаралық татулық – ел тірегі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлтаралық татулық – ел тірегі

29.09.2021

Мемлекет басшысының халыққа арнаған жолдауын насихаттау мақсатында Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Шымкентте тұратын өзбек ұлтының зиялы қауымымен кездесті. Басқосуда көпұлтты мемлекетіміздегі ынтымақ пен бірлік және жүйелі реформалар туралы айтылды. Мегаполис тұрғындарының 18 пайызы өзбек ұлты. Ұлттық мәдени орталыққа топтасқан олар еліміздегі әрбір өзгеріске үн қосып, қоғам ісіне белсене араласып келеді. Басқосуда сондай-ақ ұлтаралық мәселелердің туындау себептері мен оның алдын алу жайы да талқыланды. Сондай ақ Ассамблея төрағасының орынбасары Шымкенттегі «Қазақ еліне мың алғыс!» монументіне барып, Қазақстан халықтары ассамблеясының ғимаратын көрді.

Ғалым Шойкин, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы:

Әрине, әр этнос Қазақстанның ел бірлігіне үлкен үлесін қосуда. Осы жұмыстарда өзбек этносыныңда үлесі мол. Мұндай кездесулер арқылы біз жалпы осы этносаралық қатынастарды дамтуға тырысатын боламыз.


Хабарламаларға жазылу