Қазақстандағы ұлтаралық татулық - әлемге үлгі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы ұлтаралық татулық - әлемге үлгі

16.04.2014
Қазақстандағы ұлтаралық татулық - әлемге үлгі
«Қазақстандағы тұрақтылық пен ұлтаралық татулық - әлемге үлгі. Осы құндылықты қадірлей білу керек», дейді бельгиялық саясаткер Норбер Жустен.
 
Дипломат Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы болып елімізде біраз жыл қызмет атқарған. Қазақ халқының қонақжайлылығына, елдегі негізгі ұлт пен ұлыстардың тау-тәтті бірлігіне тәнті.
 
«Енді осы тұрақтылықты сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі зор», дейді сарапшы.
 
Норбер Жустен, Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің бұрынғы басшысы, саясаткер:
Қазақстан аз уақыттың ішінде әлемдік деңгейдегі алпауыттармен иық тірестіріп, тың бастамаларға ұйытқы бола алатындығын көрсетті. Мұның бәріне Қазақстан елдің басты жетістігі - тұрақтылықтың арқасында қол жеткізді. Қаншама ұлыстардың өз тілін, мәдениетін сақтауға мүмкіндік беріп, олардың бір шаңырақ астында тату тұруын қамтамасыз ету - оңай шаруа емес. Дегенмен, Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында бүгінде Қазақ елі - бейбітшіліктің символына айналды.
 
Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу