Мұнай бағасы 90 долларға дейін қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай бағасы 90 долларға дейін қымбаттауы мүмкін

29.09.2021

Әлемде мұнай бағасы әрі қарай қымбаттап, жыл соңына дейін 90 долларға жетуі мүмкін. Себебі, коронавирус пандемиясы басталғалы төмендеген сұраныс күтпеген жерден тез қалпына келіп жатыр. Ал, ұсыныс шектеулі. Мұны АҚШ-тың «Голдман Сакс» инвестициялық банкі мәлімдеді.

Шілдеде Қазақстан мен Ресей кіретін ОПЕК+ альянсы бағаны түсіріп, әлем экономикасына қысымды азайту үшін шикізат шығаруға шектеу қойған еді. Бірақ, ОПЕК+ қарқынмен өскен сұранысқа сәйкес көмірсутегі өндірісін жылдам арттырып үлгермейді деген қауіп бар.

Айта кетсек, өткен тәулікте Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 2018 жылдың қазанынан бері алғаш рет 80 доллардан асты. Оның нарқының көтерілуіне қыстың жақындауы, Еуропада газ қорының азаюы және Азия мен Таяу Шығыста мұнай өнімдерімен жұмыс істейтін электр станцияларының жұмысын үдету жоспарлары да себепші.


Хабарламаларға жазылу