Басты Жаңалықтар «Nur Otan» партиясы мен Жазушылар одағы меморандумға отырды

«Nur Otan» партиясы мен Жазушылар одағы меморандумға отырды

Биыл жас жазушылар мен ақындар арасында «Ұлы дала» атты байқау өтеді. Қаламгерлер егемендік еңсерген жылдарды көркем тілмен көркемдеп көпшілікке ұсынуы керек. Рухани шараны «Nur Otan» партиясы мен Жазушылар Одағы бірлесіп атқарғалы отыр. Қос ұйым ел мәдениеті мен өнерін дамыту, ұлттық құндылықтарды өрістету бойынша меморандумға отырды. Осылайша қазіргі заманғы жазушылар мен ақындардың шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ әдебиетінің және поэзиясының дамуын ынталандыру басты талап. Сонымен бәйге бес бөліктен тұрады. Проза, поэзия, драматургия жанрлары қамтылған. Көркем фильм мен телехикая сценариі мен балаларға арналған шығармаларға да мүмкіндік беріліп отыр. Жеңімпаздарға 500 мың теңге, 750 мың және 1 млн теңге сыйақы табысталады. Байқауға 18-ден 40 жасқа дейінгі адамдар қатыса алады.

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Мәдениет, әдебиет біз үшін өте маңызды. Сондықтан бүгінгі іс шарада құқықтық базасын жасап, өзара ынтымақтастыққа меморандумға қоя қоямыз. Енді партия тарапынан, жазушылар одағы қол қойсақ онда әрине біз оны 100 пайыз орындаймыз.

Нысаналы Ығыл

Бөлісу