Павлодарда спорт мектебінің төбесі опырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда спорт мектебінің төбесі опырылды

28.09.2021

Павлодарда балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің төбесі опырылып түсті. Зардап шекккендер жоқ. Ғимарат ішінде болған 13 адам плитаның қарс айрылған дыбысын естісімен сыртқа шығып үлгерген. 300 шаршы метрлік бокс залы 1984 жылы салынған. 10 жыл бұрын бастан-аяқ жөнделіпті. Қазір нысан айнала қоршалып, күзет қойылды. Апаттың салдарын арнайы құрылған комиссия анықтайды.

Ринат Валишанов, қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығы:
Бұл бокс залының 144 шаршы метрлік төбесі құлаған. Неліктен екендігі әзірге белгісіз. Осы оқиғадан соң облыс әкімдігі тарапынан нұсқама алдық. Соған сәйкес қаладағы барлық спорт нысандары мен халық көп жиналатын ғимараттардың сапасын тексереміз.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу