Бүгін – бокстан Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – бокстан Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтың туған күні

19.03.2016
Бүгін – бокстан Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтың туған күні

Ол – Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданында туған. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетін, Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген. Университет қабырғасында жүріп, бокспен айналыса бастаған. Оның алғашқы жаттықтырушысы – Нұрғали Сафиуллин.

XII Азия ойындарының жеңімпазы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Сидней Олимиадасының күміс жүлдегері, Шығыс Азия ойындарының жеңімпазы, XV Азия ойындарының күміс жүлдегері, Афина Олимпиадасына қатысқан. 1998-2000 жылдары - «Локоматив» теміржол денешынықтыру және спорт клубының әдіскер-нұсқаушысы, «Локоматив» спорт клубының спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы.

2000-2007 жылдары - Облыстық кешенді жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушы-ұстазы. 2007-2008 жылдары - №5 Шымкент қалалық мамандандырылған бокстан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметтерін атқарған.

2008 жылдың наурызынан бастап - Оңтүстік Қазақстан облысының бокстан Олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің директоры қызметін атқарады.

Оңтүстік Қазақстан облысының, Мақтарал ауданының Құрметті азаматы.

«Парасат» орденімен, бірқатар медальдармен марапатталған. 

Хабарламаларға жазылу