Павлодарда спорт мектебінің төбесі опырылды
Павлодарда балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің төбесі опырылып түсті. Зардап шекккендер жоқ. Ғимарат ішінде болған 13 адам плитаның қарс айрылған дыбысын естісімен сыртқа шығып үлгерген. 300 шаршы метрлік бокс залы 1984 жылы салынған. 10 жыл бұрын бастан-аяқ жөнделіпті. Қазір нысан айнала қоршалып, күзет қойылды. Апаттың салдарын арнайы құрылған комиссия анықтайды.
Ринат Валишанов, қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығы:Бұл бокс залының 144 шаршы метрлік төбесі құлаған. Неліктен екендігі әзірге белгісіз. Осы оқиғадан соң облыс әкімдігі тарапынан нұсқама алдық. Соған сәйкес қаладағы барлық спорт нысандары мен халық көп жиналатын ғимараттардың сапасын тексереміз.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ-2026: Канада 1/8 финалына шықты
29.06.2026, 10:29
БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
29.06.2026, 10:27
Қарулы Күштер тактикалық-саптық сабақ өткізеді
29.06.2026, 10:27
Маңғыстау мен Атырау облыстарында автогаз тапшылығы жоқ
29.06.2026, 10:26
Еуропарламент депутаттары Қазақстандағы реформаларды қолдайды
29.06.2026, 10:25
Баспана кезегінде кімдерге басымдық беріледі?
29.06.2026, 10:24
Түркияда пиротехника шығаратын зауытта жарылыс болды
29.06.2026, 10:23
Венесуэлада зілзала құрбандарының саны 1450-ге жетті
29.06.2026, 10:22