Солтүстік Қазақстанда бір айда 264 оқушы коронавирусқа шалдыққан
Солтүстік Қазақстанда шілде айынан бері коронавирусқа шалдыққан 32 әйел мерзімінен бұрын босанған. Үш шақалақ шетінеп кетті. Қазір өңір сары аймақта. Дегенмен оқушылар арасында індет кең таралып барады. Бір айда 264 баладан коронавирус анықталған. 149 сынып қашықтан білім алуда. Ауырып жатқан 13 баланың жағдайы орташа ауыр деңгейде. Вакцина алуға тиіс халықтың 70 пайызы екпенің екі компонентін де салдырып үлгерген. Дегенмен соңғы аптада екпе қарқынының бәсеңдегеніне алаңдаған мамандар, вакцина- саулықтың кепілі екенін ескертеді.
Әсет Жұматаев, Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
Тәулігіне орта есеппен алғанда 400-500 адам облысымызда егіледі. Халықты вакцинациялау қарқынының төмендеуі эпидемиологиялық жағдайға теріс әсер ететінін білеміз. Ұжымдық имунитетті қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Бұл ретте вирус вакцинацияланбаған халық арасында тез таралуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15