Петропавлда қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты
Бүгін Петропавлда бірқатар қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты.Оған дизель бағасының шарықтап кетуі себеп. Облыста сұйық отынды екі бекеттен оның өзінде тек талонмен сатып алуға болады. Жанар май бағасының литрі соңғы аптада 56 теңгеге қымбаттады.
Николай Анастасьев, автобус жүргізушісі:Дизель отынын табу қиындап кетті. Бір күн бойы тапқан ақшаға 35-40 литр сұйық отын алуға болады. Жаңа автобусқа оның 70 литрі керек. Кеткен шығынды да ақталмайды. Ақша болмай жатқандықтан кей мердігерлер жұмысқа шыққан жоқ.
Петропавлда қалаішілік бағыттағы автобустарда жол ақысы 80 теңге. Соңғы бес жылда баға өзгерген жоқ. Мердігерлердің айтуынша шығынды толық жауып, пайда табу үшін билет құнын 200 теңгеге дейін өсіру қажет. Ал тасымалдаушылар қоғамы бағаның көтерілмейтінін жеткізді.
Галина Семенова, тасымалдаушылар қоғамының төрағасы:Кейбір мердігерлердің жанармай қоры жоқ. Дизель сатып ала алмай жатыр. Бағасы 199 теңгеден 255-ке бірақ барды. Сондықтан көлікті отынмен қамтамасыз ете алмай отыр. Жағдай осылай жалғаса берсе басқа да тасымалдаушылар жолға шыға алмайды. Тығырықтан шығу жолын қарастырып жатырмыз. Жергілікті бюджеттен субсидия берілуі тиіс.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05