Алматыда жаңа технологияларды бір орталыққа шоғырландыратын IT-квартал ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жаңа технологияларды бір орталыққа шоғырландыратын IT-квартал ашылды

26.09.2017

17 мың шаршы метр аумақты алып жатқан орамға жыл соңына дейін 10 IT компания және 15 стартап жоба шоғырланады. Бұл Мемлекет басшысының экономиканы сандық жүйеге көшіру бағытындағы міндетін жүзеге асыруға негізделген жоба. Осылайша, синергетикалық нәтиже алу үшін технологиялық компанияларды біріктіру көзделіп отыр. Себебі, қазір еліміздегі IT компаниялардың 60 пайыздан астамы алып шаһарда орналасқан. Сондықтан, игі бастама солардың басын қосып, отандық мамандардың біліктілігін көтереді. Әрі күрделі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу