«Jetysý Hub» IT орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Jetysý Hub» IT орталығы ашылды

27.09.2019

Талдықорғанда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында «Jetysý Hub» IT орталығы ашылды. Жаңа орталық қала жастарының тың идеяларын, бизнес-жобаларын құрастырып, армандары мен мақсаттарын жүзеге асыруға мол мүмкіндік береді. 

Заманауи жабдықталған орталыққа балалар бес жастан қабылданады. «Jetysý Hub» қызметкерлері кез келген идеяны дамытып, халықаралық маңызы бар жобаға айналғанша қызмет көрсететін болады. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде ашылаған орталық қаланың жаңа ықшам ауданында орналасты. Жергілікті билік ғимарат бөліп берсе, инвесторлар барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз етті. 

Сондай-ақ бұл жерде робототехникадан мектепаралық жарыстар ұйымдастырылып, оқушылар халықаралық олимпиадаларға дайындалатын болады. 

Әсет Мұхаммад, «Jetysý Hub» IT орталығының директоры:

 1-5 сынып аралығында LEGO Mindstorms деген құрылғылармен жұмыс жасайды. 5 сыныптан жоғары егер баланың жетістіктері мықты болса, жаңа құрылғылармен жұмыс жасап, ары қарай бизнес жоба жасауға көмек береміз. 

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу