Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестиция министрін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестициялар министрі Халид Әл-Фалихті қабылдады. Тараптар екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын одан әрі дамыту мен инвестициялар тарту мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы қадірлі мейманға Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагерімен бір ай бұрын телефон арқылы сөйлескенін айтып, 30 жылдан бері Қазақстанға көрсетіп келе жатқан қолдауы үшін Сауд Арабиясына ризашылығын білдірді. Өз кезегінде Халил Әл-Фалих Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагерінің сәлемдерін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Еліміз арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету және оның мәнін тереңдете түсу үшін көптеген мүмкіндік бар екеніне сенімдіміз. Осы орайда, Тақ мұрагерімен телефон арқылы әңгімелесу кезінде болашақта қолға алынатын бірқатар жобаны талқыладық. Өзара іс-қимылдарымыз тереңдей түседі. Елімізге жасаған сапарыңызға ризашылығымызды білдіреміз.
Халид Әл-Фалих, Сауд Арабиясы Корольдігінің инвестиция министрі:
Олар Қазақстанға одан әрі өркендеу мен игілік жолында қолдау көрсетуді жалғастыра беретіндерін нақтылады. Қазақстанның жүргізіп отырған реформалары мен Орталық Азиядағы көшбасшылығын, сонымен қатар 30 жыл бұрын таңдаған бірегей жолын жоғары бағалайды. Осы уақыт аралығында Қазақстанның Тұңғыш Президенті негізін қалаған сындарлы саясат өзіңіздің парасатты басшылығыңызбен жалғасып келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12