Қарағанды облысында екпе алған екі азамат көлік ұтып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында екпе алған екі азамат көлік ұтып алды

22.09.2021


Көлік ұтқан азаматтың бірі - Талғат Шәугімбеков шахтада электрослесарь болып еңбек етеді. Лоторея нәтижесі шыққан кезде жұмыста болған. Жүлде туралы соңынан естіп қуандым дейді. Тағы бір көлік металлургиялық комбинаттың слесары Нұрхан Смағұловқа бұйырды. Түнгі ауысымнан шыққан кезде қуанышты хабарды әріптесі жеткізген. Бұл оның алғашқы көлігі екен. Ұтыс ойынына көмір шахталарынан 5 мыңға жуық жұмыскер қатысқан. Бұдан өзге 20 адамға 50 мың теңгенің сертификаты берілді. Металлургиялық комбинат пен көмір шахталарында 26 мыңдай адам еңбек етеді. Соның 90 пайызы вакцина алған. 

Нұрхан Смағұлов, жұмысшы: 
 Алғысымды айтамын, осындай ойын ұйымдастырғаны үшін. Екпе алуға барлығын шақырамын. Екі вакцина алдым, өзімді жақсы сезінемін.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу