Маңғыстау облысында жол апатынан зардап шеккен 8 жасар қыз баланың жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында жол апатынан зардап шеккен 8 жасар қыз баланың жағдайы ауыр

20.09.2021

Жамбыл облысында жол апаттары күрт көбейіп кетті. Жыл басынан бері 133 адам жол үстінде мерт болды. 1000-нан астамы ауыр жарақат алған. 8 айда бас-аяғы 707 ірі жол апаты тіркелген. Бұл былтырғыдан 20 пайызға көп.Тараз қаласының өзінде екі күннің бірінде орталық көшелерде көлік апаты болып жатады. Облыс орталығындағы көшелерде 150-ге жуық бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұрса да, рөлге масаң күйде отыратын жүргізушілер азаяр емес. Мәселен, 39 жол апаты ішімдік ішкендердің кесірінен болған.

Рахымберді Әшкеев, Жамбыл облыстық жергілікті полиция қызметінің басшысы:
Сараптама жасай келе ең бірінші жол-көлік оқиғасына кінәлі жылдамдықты асыру. Екінші ұйықтап кету, үшінші қарсы бағытқа шығу.

Маңғыстау облысында жол көлік оқиғасынан зардап шеккен 3 баланың жағдайы жақсы. 9 және10 жастағы жеткіншек пен 1 жарым жастағы бүлдіршін естерін жинап, аяққа тұрды. Тек 8 жасар қыз бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Ақтау-Жаңаөзен тас жолында бүтін бір отбасы жол көлік апатына ұшырап, 5 ересек адам қаза тапты. Тағы 4 бала ауруханаға жеткізілген еді.


Хабарламаларға жазылу