АҚШ қытайлық 500 студентке виза беруден бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ қытайлық 500 студентке виза беруден бас тартты

15.09.2021

АҚШ үкіметі Қытайдың 500-дей студентіне Америкада оқуға виза беруден бас тартты. Мұндай шешім экс-президент Дональд Трамптың америкалық технологияны өзгеге қорғаныс саласы үшін ұрлатпау саясаты аясында қабылданған.

Осы мақсатпен қазір Құрама Штаттар Қытай компартиясының әскери қанатымен, халықты азат ету армиясымен, университеттерімен байланыстағы жастарды өз аумағына кіргізбей отыр. Өйткені, Вашингтонның ойынша, олар медициналық, компьютерлік және өзге де құпия деректерді отанына жіберуі мүмкін. Ал, мұның бәрін жоққа шығарған Қытай АҚШ Мемлекеттік департаментіне визалық шектеуді алып тастау туралы өтініш жолдады. Дегенмен, Американың Бейжіңдегі елшілігінің дерегінше, соңғы төрт айда Қытайдың 85 мыңдай студентіне АҚШ-та білім алуға виза мақұлданған екен.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу