«Союз МС» кемесінің экипаждары Байқоңырға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Союз МС» кемесінің экипаждары Байқоңырға келді

25.06.2016
«Союз МС» кемесінің экипаждары Байқоңырға келді

Ұшырылатын «Союз МС» кемесінің негізгі және қосалқы экипажы 24 маусымда Байқоңыр ғарыш айлағына келді.

Ресейғарыш ғарышкерлерінен құралған негізгі экипаж: кеме командирі Анатолий Иванишин, ДжАКСА астронавты Такуи Ониши, НАСА астронавты Кэтлин Рубинс және олардың дублерлері Олег Новицкий (Ресейғарыш), Тома Песке (ЕҒА), Пегги Уитсон (НАСА) ғарыш айлағында қорытынды дайындық кезеңін өткізеді.

Кездесуден кейін қос экипаж  Ю.А.Гагарин атындағы ҒДО жедел тобының қолдауымен Оқу-жаттығу сынақ кешеніне барды. Мұнда олар екі апта бойы алдағы ұшуға дайындалады.

Алғашқы жаттығу бүгін басталды. Негізгі және қосалқы экипаж 254-алаңның монтаждау-сынақ алаңында ұшырылатын «Союз МС» кемесін соңғы тексеруден өткізеді.

Жаңа модификациялы «Союз» МС кемесін ұшыру биылғы 7 шілдеге Мәскеу уақытымен сағат 04:36-ға жоспарланған. 

Хабарламаларға жазылу