Ресейғарыш: Мемлекеттік комиссия «СОЮЗ ТМА-18М» экипаждарын бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейғарыш: Мемлекеттік комиссия «СОЮЗ ТМА-18М» экипаждарын бекітті

01.09.2015
Ресейғарыш: Мемлекеттік комиссия «СОЮЗ ТМА-18М» экипаждарын бекітті

«Союз ТМА-18М» мемлекеттік ұшу кемесінің негізгі және қосымша экипаждарының ұшуға дайындықтарының қорытындысын шығарған Мемлекеттік комиссия экипаждарда төмендегідей құрамды бекітті, деп хабарлайды  www.roscosmos.ru.

Бекітілген құрам бойынша, негізгі экипажға «Союз ТМА-18М» кемесінің командирі -Сергей Волков және аталмыш кеменің бірінші бортинженері Андреас Могенсен мен екінші бортинженері Айдын Айымбетов болады.

Қосымша экипаж құрамында  «Союз ТМА-18М» кемесінің командирі Олег Скрипочка, бірінші бортинженер Тома Песка, екінші бортинженер Сергей Прокофьев бар. 

«Союз ТМА-18М» кемесінің ұшырылуы қыркүйектің 2-не 07:36 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағында өтеді.

 

 

   

 

 

Хабарламаларға жазылу