Жезқазған іргесіндегі зымыран қирандысы құлаған жерде бір адам қаза болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезқазған іргесіндегі зымыран қирандысы құлаған жерде бір адам қаза болды

15.06.2017

Оқиға кеше кешкі алтылар шамасында болған. Жезқазғаннан 20 шақырым жерде орналасқан Талап ауылы маңына «Союз-2.1а» зымыран тасығышының «Прогресс МС-06» ғарыш кемесінің бөлшегі құлап, далада өрт шыққан. Қатты жел соғып тұрғандықтан өрт біраз аумақты шарпып үлгерген. Соның салдарынан зымыран тасығыштарының бөліктерін жинау жұмыстарын атқарып жүрген 53 жастағы азаматты күйік шалып, жан тапсырды. 50 жастағы тағы бір тұрғын ауруханаға жеткізілді. Өрт тек түнгі сағат үштер шамасында сөндірілген. Ал, зымыран тасығыштың ажыратылған бөлігінде гептил бар деген мәліметті мамандар растамады.  

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу