Алеппоның батысында 8 бала оққа ұшты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алеппоның батысында 8 бала оққа ұшты

21.11.2016
Алеппоның батысында көтерілісшілер мектепке оқ жаудырып, 8 баланы мерт қылды. Ресми мәліметтерге қарағанда, бұл оқу ордасы үкімет әскерінің бақылауында болған. Шабуылдан тағы 30 адам жараланды.

Бұл елдегі жағдай күннен-күнге күрделене түсіп, ушығып барады. Осыған байланысты, Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мун мәлімдеме жасап, Сириядағы соғысты қатаң сыңға алды. Оның айтуынша, қазір қалада жұмыс істейтін бір де бір аурухана қалмаған.



Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу