Ақтөбе қаласы әкімдігінің күзетшісі өзінің табелдік қаруынан оққа ұшты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе қаласы әкімдігінің күзетшісі өзінің табелдік қаруынан оққа ұшты

09.01.2018

Ер адам 35 жасқа толуына екі күн қалғанда өз-өзіне қол салды. Күзетшінің денесі жұмыс уақыты аяқталған кезде табылған. Оқиға орнында полицейлер, тергеушілер және криминалистер анықтау жұмыстарын жүргізді. Оққа ұшқан азамат Ішкі істер органдарында 2010 жылдың мамырынан бастап жұмыс істеген. Отбасылы, екі баланың әкесі. Қазір суицидтің себебі анықталуда.

Руслан Маханов, Ақтөбе облыстық Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының кадр жөніндегі орынбасары:

- Ақтөбе облысы Мамандандырылыған күзет қызметі басқармасының полицейі, кіші лейтенант өзінің өткізіп-кіргізу аумағындағы қызметі кезінде 9 мм. Макаров тапаншасымен бас сүйегін ату арқылы өзіне қол жұмсаған. Жұмыста ешқандай кикілжің болған жоқ. Жеке құрам арасында сыйлы болды. 

 

Райгүл ЕНШІБАЙ

Хабарламаларға жазылу