Желтоқсан оқиғасын ұлт-азаттық көтеріліс деп тану керек - депутаттар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Желтоқсан оқиғасын ұлт-азаттық көтеріліс деп тану керек - депутаттар

08.09.2021

Желтоқсан оқиғасы Ұлт-азаттық көтеріліс деп танылуы керек. «Ақжол» партиясының депутаттары вице-премьер Ералы Тоғжановқа осындай ұсыныс айтты. 1986 жылы өрімдей ұл-қыздар Кеңес Одағының қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы үшін алаңға шықты.Оларға «желтоқсан көтерілісіне қатысушы» деген құқықтық мәртебе берілуі керек,-дейді депутат Қазыбек Иса. Сондай-ақ оқудан, жұмыстан шығып қалғанын әлі растай алмай жүрген азаматтардың анықтама алуын жеңілдеткен жөн. Биыл тарихи оқиғаның 35 жылдығы ресми деңгейде атап өтілсін дейді депутат.

Қазыбек Иса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
Алматыдағы Желтоқсан көтерілісінен кейін болған, қазақ жастарының қаһармандығынан қуат алған Баку, Тбилиси, Вильнюс қалаларындағы оқиғаларға өз елдерінде ұлт азаттық көтеріліс ретінде заңды баға беріліп, ЮНЕСКО деңгейінде мойындалды. Біз неге ел тәуелсіздігі жолындағы нағыз көтерілісте мерт болған Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджановаларға «Халық Қаһарманы» атағын бермеске?

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу