Жаңа министрлер таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа министрлер таныстырылды

04.01.2023

Премьер-Министр Әлихан Смайылов жаңадан тағайындалған министрлерді ведомстволардың ұжымына таныстырды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың жаңа технологиялар, индустрия және инновациялық даму салаларында жұмыс тәжірибесі мол маман екенін атап өтті.

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың алдында Арал теңізі мен Семей өңіріне қатысты мәселелерді шешу тұр. Әділет министрлігінің ұжымымен кездесуде Премьер-Министр жаңа басшы Азамат Есқараев пен қызметкерлеріне жақында қабылданған барлық заңдар бойынша актілер әзірлеуді тапсырды.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың алдында тұрған басым міндеттерді атап өткен Әлихан Смайылов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын сапалы іске асыру, оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету сынды бірқатар тапсырма берді. Ал Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу, сондай-ақ спортты дамыту тәсілдерін өзгертуі тиіс. 

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу