Саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты құжаттар жинағы жарық көреді
Жыл соңына дейін саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты тарихи құжаттар жинағы жарық көрмек. Бұл туралы Мемлекеттік комиссия жанындағы Жобалық кеңсе өткізген семинарда айтылды. Онда марқұмдардың өлімге кесілген және жерленген жерлері жайында тың деректер болмақ. Осы арқылы ұрпақтары ата-бабасы жайында мәліміттер алады дейді комиссия мүшелері. Айта кетейік Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі арнайы комиссия былтыр құрылған болатын. Оның құрамына ғалымдар, зерттеушілер және мемлекеттік органдардың өкілдері кірген. Қазір еліміздің барлық аймақтарында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиялар қызу жұмыс істеп жатыр.
Берік Әбдіғалиұлы, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі:Қазір табылып жатқан құжаттарды осы архивке кіре алмайтын мүмкіншілігі жоқ ғалымдарымыз бар соларға жұмыс оңай болуы үшін барлық қызығушы азаматтарға құжаттар жинағы қылып шығаруға ойымыз бар. Соны әрі қарай талдау керек. Өйткені ол жерде үлкен тізім. Ол тізімдегілердің қаншама ұрпақтары бар. Олар аталары жайлы ешқандай мәлімет білмейді.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қазақстан халқына Жолдауын қазан айында жасайтынын айтты
13.09.2026, 20:05
Елімізде қандай салаларда маман тапшы?
13.09.2026, 20:00
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өткен US Open жарысының жеңімпазы атанды
13.09.2026, 19:59
Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
13.09.2026, 19:57
Қытай көліктері Еуропа нарығына қалай әсер етіп жатыр?
13.09.2026, 19:55
Базалық мөлшерлемедегі өзгеріс: Ипотека нарығына әсер ете ме?
13.09.2026, 19:50
«БРИКС плюс» саммиті: Қандай мәселелер көтерілді?
13.09.2026, 19:46
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17