Деструктивті топтардан 84 мыңнан астам адам шығарылды
Қазақстанда діни ахуал тұрақты. Бұл туралы Дін істері комитетінің өкілдері мәлімдеді. Алғашқы жартыжылдықта әлеуметтік желідегі деструктивті топтардан 84 мыңнан астам адам шығарылған. Діни экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттайтын 80 мыңнан астам материал жойылып, 300-ден астамы бұғатталды. Соңғы жүргізілген әлеуметтік зерттеулер қорытындысы бойынша, халықтың 87,6%-ы дін саласында жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатты қолдайды, - дейді комитет басшылығы. Дін саласындағы өзекті проблемаларды талқылауда енді білім алып жүрген жастардың да пікірі ескерілетін болады.
Ержан Нүкежанов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің төрағасы:
Жыл сайын біздің университеттерді, жоғары оқу орындарын 500-ге тарта исламтану, дінтану, теология мамандықатары бойынша түлектеріміз бітіріп отыр. Жас PhD, жас магистрлардың ойларын ортаға салып, талқылап, осы себепті комитет жанынан «YZ CLUB» деген арнайы диалогтық алаң аштық.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халық бұлақтың көзін ашты
25.08.2026, 13:25
Қазақстандық медиамамандар тағылымдамадан өтті
25.08.2026, 13:22
Алматыда жаңа әскери қалашық салынып жатыр
25.08.2026, 13:20
Бизнеске арналған AI-навигаторды іске қосты
25.08.2026, 13:17
Австралияда ЖИ-мен шығарылған әндерге тыйым салынды
25.08.2026, 13:15
Тунистегі шеру тәртіпсіздікке ұласты
25.08.2026, 13:12
Электросамокатпен жаяужолмен жүруге тыйым салды
25.08.2026, 13:09
Автономды қазандықтар жылыту маусымына 98% дайын
25.08.2026, 13:06