Шығыстағы Күршім ауданының халқы дабыл қағып жатыр. Осы аудандағы бірнеше елдімекенді көктей ағатын Қалжыр өзені соңғы бірнеше күнде түсініксіз түске боялды.
Судың лайланып, түсінің бұзылғанын байқаған тұрғындар видеоға түсіріп әлеуметтік желіге жариялап жатыр. Ал бастауын Қараертістен алатын Қалжырды жағалай қоныстанған Күршім ауданындағы 10 шақты елді мекен осы өзеннен егіні мен малын суарып отыр. Халықтың айтуынша, қазір судың лайланғаны соншалық малдың өзі ішпей қойған. Бірнеше құзырлы органнан құрылған комиссия өзенді қарап, одан сынама алған. Жалпы Қалжыр өзенінің бұлайша ластануы бірінші рет емес. Былтыр да осындай жағдай болған. Сол кезде облыстағы жауапты құзырлы органдар тексеру жүргізген. Бірақ өзеннің неліктен ластағанғанын сол күйі ашып айтылмады.