Қазақстан – Азия-Тынық мұхит аймағына қосылуды жоспарлап отыр
Қазақстан – Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің қатарына қосылуға мүдделі. Бірақ, одаққа мүше болу оңай шаруа емес. Өйткені, үлкен бәсекеге, қарқынды экономика мен тоқтаусыз тауар айналымына даяр болу маңызды. Осы ретте экономист Қайырбек Арыстанбеков нақты қандай кедергілерді еңсеру керектігін айтты. Ең алдымен инфрақұрылымды жақсарту маңызды. Сосын үздіксіз шығатын әрі сұранысқа ие экспорттық тауарлар өндіру қажет. Бәсекеге төтеп берудің өзге де бірқатар шарттары бар
Қайырбек Арыстанбеков, ҚР Президенті жанындағы реформа жөніндегі жоғарғы кеңесі комитетінің мүшесі:Әлемдік экономика басқаша дамып жатыр. Жаһандық қосымша құн тізбегі деген ұғым пайда болды. Яғни осы тізбекке кіру стратегиясы бізде жоқ. Болғанның өзінде дұрыс орындалмай жатыр. Мысалы жаһандық қосымша құн тізбегіне Қазақстан кірсе онда аталған өңірде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе алар еді. Оның екі моделі бар. Біріншісі ірі компаниялармен жұмыс істеу. Екінші жеңіл өнеркәсіп бойынша ел аумағында аталған тізбек құралдарын пайдалану.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14