Қостанайда бес жасар қызды аю талап тастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда бес жасар қызды аю талап тастады

06.09.2021

Қостанайда бес жасар қыз баланы аю талап тастады. Оқиға облыс орталығына жақын орналасқан «Радуга» демалыс базасында болған. Анасы мен қызы торда тұрған аюды қызықтап, оған тамақ береді. Аю әуелгіде бөтен мінез байқатпайды. Үлкендердің қадағалауынсыз қалған кезде аю торға жақындаған қыз баланы аяғынан шап берген. Көмекке ұмтылған ересектер баланы аюдың азуынан әрең аралашап қалды. Осы оқиға байланысты тергеуді бастады. Дәрігерлер баланың жағдайы ауыр дейді.

Ксения Жылқыбаева, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
:Бала бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Аяғын сақтап қалу үшін ота жасалды. Бірақ жарақаты өте ауыр болғандықтан аяғын сақтап қалуға мүмкіндік бар деп нақты айта алмаймыз.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу