Кәмелетке толмаған қызды зорлаған полицей 10 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәмелетке толмаған қызды зорлаған полицей 10 жылға сотталды

13.01.2014
Кәмелетке толмаған қызды зорлаған полицей 10 жылға сотталды

Қостанайда кәмелетке толмаған қызды қорқытып, зорлаған бұрынғы полиция қызметкері  жазаға тартылды. Сот үкімімен 25 жастағы Бақыт Қожабаев 10 жылға сотталды.

 
Экс-полицей  Әулиекөл ауданы, Аманқарағай кентінде учаскелік инспектор қызметін атқарған. Ол өткен жылы шілденің 4-і күні жұмыс барысында кешкі уақытта  үлкендердің қарауынсыз жүрген екі қызды  тірек бекетіне  жеткізеді.
 
Кейін кәмелетке толмаған қыздардың біреуін бөлек  кабинетке кіргізіп, екіншісін күштеп зорлаған. 14 жасар қыздың ата-анасы дереу аудандық  Ішкі істер бөліміне  арыз жазды. Ал Бақыт Қожабаевқа қатысты   қылмыстық іс қозғалып,  қамауға алынды. Бірақ, бұрынғы полиция қызметкері өз кінәсін  соңғы сот отырысына дейін мойындамай келді.
 
Бейбіт Ұзақбаев, Қостанай облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 48-бабы, 5-ші тармағына сәйкес Бақыт Қожабаевқа жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу белгіленді. Жаза 2013 жылдың 6-шы шілдесінен бастап күшіне енгізілсін. Шағымданушы тараптың талаптары ішінара қанағаттандырылды. Кәмелетке толмаған жәбірленуші үшін 250 мың теңге моральдық шығын өндірілсін. Қылмыскердің мүліктері тәркіленеді.
 
Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу