Алматы қаласында да, эпид-ахуал тұрақталып келеді. Жаңа қаулыға сәйкес, ертеңнен бастап карантин жеңілдейді. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің сөзінше, қалада соңғы күндері жедел-жәрдем шақыру мен ауруханаға жатқызу төмендеген. Сондықтан, ертеңнен бастап «Жасыл» мәртебесі бар тұрғындар үшін Ashyq жобасына тіркелген барлық нысандар демалыс күндері де жұмыс істеді. Сондай-ақ, олардың қызмет көрсету уақыты түнгі 00:00-ге дейін, Ashyq көсбасшылары үшін түнгі 02:00-ге дейін ұзартылады. Ал «көк» мәртебесі бар азаматтар қонақүйлер мен әуежайлар, теміржол вокзалдары, білім беру объектілері, жоғары оқу орындары мен жатақханалар сияқты мекемелерге кіре алады.
Жандарбек Бекшин, қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері:
Қыркүйектің басында оқу жылының басталуына орай тәулігіне 1300 адам вирус жұқтыратынын айттық. Қазіргі ахуал болжамға сәйкес келді. Алдағы уақытта күніне 500-600 жағдайға дейін азаяды деп күтеміз. Ал қазан айында жаңа мутацияланған штамм тарамаса, көрсеткіш 100-200-ге дейін төмендеуі мүмкін.
Нұрхан Нұрланұлы