Әкім тұрғындар мүддесін қорғай білуі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әкім тұрғындар мүддесін қорғай білуі керек

03.09.2021

Әлеуметтік сауалнама нәтижесінде халықтың 30%-ы әкіміне көңілі толмаса лауазымын қайта қарау керек. Президент жолдауында ауыл басшыларының іскерлігіне мән берілді. Демек, әкім елді мекеннің жайылым, тазалық, суы мен жолын аудан және мәслихат алдында қорғай білуі тиіс. Бүгін мемлекет басшысының жолдауында жүктелген міндеттерді орындау жолдары талқыланды.

Берік Әбдіғали, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
Тағы бір критерий – инвестиция тарту, бюджеттік инвестиция және бюджеттік емес инвестиция. Аудандық, облыстық, республикалық бюджетпен ауданға, ауылға келіп жатқан қаражат, одан басқа кәсіпкерлерді тарта білу. Қай ауылға көп қаражат келіп жатыр, сол әкім белсенді. Сол әкімнің жұмысын жақсы деп бағалауға болады.

Ұлттық қорға да қол жаюды қою керек. Президент бюджет қаржысын ысырап қылмай үнемді пайдаланудың жолын іздеуді тапсырды. Жыл аяғына дейін мемлекеттік қаржыны басқарудың жеке тұжырымдамасы дайындалады. Сарапшылар оның негізгі тетігі ретінде –мемлекеттік және квазимемлекеттік борыштарды бірыңғай қалыпқа түсірген абзал дейді. Бұған дейін бытыраңқы болған. Сөйтсе ашықтық сақталады. Сондай-ақ бюджеттің кіріспен толатынын ескерсек алдымен қанша қаржы барын және қаншасын жұмсай алатынымызды білу керек. Мұндай жүйелілік кейін өтеуі қиынға түсетін қарыздар алмауға сеп. Тағы бір маңызды мәселе – өңірлердің дербестігін арттыру. Қазір біртіндеп орталықсыздандыру жүріп жатыр. Ал бұл Бұл салықтық әлует республикалықтан жергілікті бюджетке аударылатынының белгісі.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу