Жезқазғандағы 3 мыңға жуық тұрғыны бар ықшам ауданға автобус қатынамайды
Жезқазған қаласындағы 3 мыңға жуық тұрғыны бар Бекболатсай ықшам ауданына бірде-бір автобус қатынамайды. Салдарынан оқушылар мектепке, тұрғындар шаруасына таксимен баруға мәжбүр. Ал, бұл аумаққа бекітілген маршрутты тендермен жеңіп алған кәсіпкер жұмысына салғырт қарап,қоғамдық көлікті мүлде шығармай қойған. Тілшіміз Руслан Нұрланұлы мәселенің мән-жайын анықтап көрді.
Оқу жылы басталып кетті . Ал Бекболатсай ықшам ауданы тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамту мәселесі әлі күнге шешілмеді. Жұрт комбинат жұмысшыларын тасымалдайтын автобустарды аңдып әлек. Олар көңілі түссе ала кетеді. Болмаса тұрғындарға қала орталығына таксимен баруға тура келеді.
Айша Аманжолова, Жезқазған қаласының тұрғыны:Балаларымыз қаланың мектептерінде оқығанмен, қосымшаға қалаға барады, басқа мектепке барады, сонда қиын. Ал машинасы барлар апарады. Ал жаяу адамдар күніне мың теңгеден, тіпті 1600-2000 дейді, ондай ақша жұмсай алмайды. Комбинаттың автобусы ол өзі 9-ға дейін жүредлі, содан кейін түстен кейін жүреді. Көбі емге, анализге барады. Оған бізді көбіне мінгізбейді.
Қайрат Күштібаев, Жезқазған қаласының тұрғыны:Жергілікті әкімдік шешу керек бұл мәселені. Тендерді ұтып алса да, онымен айналысатын жергілікті билік қой. Күніне бар ғой таңертең 2 рет, түсте 2 рет, кешке2 рет жүргізсе сол жетер еді.
Бұған дейін Бекболатсайға барар бағыт бойынша №1 қоғамдық көлік жүрген. Кәсіпкер келісім-шарт негізінде 6 бірдей автобусты жолға шығаруы тиіс еді. Алайда көбіне қала сыртымен қатынайтын болғандықтан тиімсіз деп жұмысты орта жолдан тоқтатқан. Ал құжатта бір жолаушы болса да, сапалы қызмет көрсету қажеттігі айтылған,-дейді жергілікті билік өкілдері.
Ержан Есетов, Жезқазған қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы:Халық аз мінуіне байланысты автобусқа табыс жоқ. Қараша айында жаңа осы қалаішілік маршруттар бойынша конкурстар өтетін болады. Сол кезде халықпен ақылдаса отыра мына жүріп жүрген маршруттың бағытын өзгертеміз ба деген жоспарымыз бар.
Бұл болашақтың жоспары. Ал жаңа оқу жылына дейін өзге мердігермен келісім-шарт жасалып, Бекболатсай ауданына үш автобусты жолға шығарамыз,- деген жергілікті биліктің уәдесі әзірге орындалған жоқ. Жазда орталыққа жаяу-жалпы қатынауға үйренген жұрт мәселе шешілмесе қыстағы күніміз не болады деп алаңдаулы.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тунистегі шеру тәртіпісіздікке ұласты
25.08.2026, 13:12
Автономды қазандықтар жылыту маусымына 98% дайын
25.08.2026, 13:06
Сарапшы: Құрылтай мемлекетті басқарудағы халықтың рөлін күшейтеді
25.08.2026, 13:03
Құрылтай сайлауының қорытынды нәтижесі жарияланды
25.08.2026, 13:00
Гуманоид робот жүгіруден Усейн Болттың рекордын жаңартты
25.08.2026, 10:09
Оралда кәсіпкерлер үш жаңа саябақ салып берді
25.08.2026, 10:07
Елде автосақтандыру жүйесі өзгереді
25.08.2026, 10:06
Тұрғындар пікірі: Халықтық Конституция қоғамның жаңа бағытын айқындайды
25.08.2026, 10:05