Жолдауда елді жаңғыртудың жаңа тетіктері нақтыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдауда елді жаңғыртудың жаңа тетіктері нақтыланды

02.09.2021

Президент Жолдауы – елді жаңғыртудың жаңа кезеңі. «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтында бас қосқан сарапшылар пікірі осындай. Құжатта пандемиядан кейін отандық экономиканың өсу қарқынын арттыру, жергілікті өзін-өзі басқару мен әлеуметтік саланы ілгерілету үшін ұтымды бағыттар көрсетілген, - дейді отырысқа қатысушылар. Институт аясында «Sarap» эксперттік клуб өкілдері мұндай басқосуларды жиі өткізіп, өзара пікір алмасуды көздеп отыр.

Индира Рыстина, ҚР Президенті жанындағы қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы:
Реформалардың жүйелілігі байқалды. Ауыл әкімдерінің сайлауы қорытындыланып, оның негізінде аудан әкімдерін сайлауға өтіп, халықтың көңіл күйін сараптау үшін тәуелсіз сауалнамларды өткізу керек деп айтылған болатын. Бұл халық үніне құлақ асатын мемлекетті жүзеге асырудағы халық үнін естудің жаңа бір механизмі деп білемін. 
Қазбек Майгелдинов, қоғамдық процестерді зерттеу орталығының жетекшісі:
Халық тарапынан күтілген ең басты мәселе – Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру. Өздеріңіз білесіздер пандемия кезінде әлеуметтік мәселе ең түйткілді мәселелердің бірі болды. Бұл көп балалы аналар мәселесі, шағын және орта бизнес мәселесі. Міне осы тұрғыда өзінің қандай да бір әсерін беру керек. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу