Алматыда кардиологиялық орталық COVID-қа шалдыққан науқастарды емдеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда кардиологиялық орталық COVID-қа шалдыққан науқастарды емдеп жатыр

02.09.2021

Алматыда ковидтік стационар ретінде жұмыс істеп жатқан қалалық кардиологиялық орталықтың көмегіне жүгінетіндер көбейген.

1 айдан астам уақыт бұрын инфекциялық ауруханаға айналған мекемеде науқастар үшін 230 орын мен 30 реанимациялық төсек дайындалған. Сондай-ақ, жүрек ақауы барлар үшін де арнайы палаталар әзірленген. Ал бұған дейін тәулігіне вирус жұқтырған 50-60 адамды қабылдаған стационарда 3 күн бұрын бос төсек-орын қалмаға. Екі адам арнайы аппараттың көмегімен ем алып жатыр. Қазір аурухана 24 сағат бойы науқастарға қызмет көрсетуде. Мамандар коронавирус дерті алдымен жүрекке әсер ететінін, сол себепті жедел көмекті қажет ететін науқастар да көбейгенін айтады.

Алмат Қодасбаев, қалалық кардиологиялық орталықтың директоры:
Аурудың итеологиясы және потогенезі бойынша майда қан тамырлар, капилляр жүйелері зақымдалатыны белгілі. Оның негізгі себебі қан тамырының ішіндегі эндотелия қабатының бұзылып, майда тамырлардың ішіндегі қанның ұюының күшеюіне байланысты. Ал жүрек қан тамырлары мұндай гепоксиялық жағдайға және тромптық өзгерістерге өте сезімтал. Сондықтан жедел түрде көмек қажет ететін науқастар саны өте көп.

Нұрхан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу