Чехияда мыңдаған адам міндетті вакцинацияға наразылық білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чехияда мыңдаған адам міндетті вакцинацияға наразылық білдірді

13.12.2021

Чехия астанасы Прагада мыңдаған адам шеруге шығып, жасы 60-тан асқандар мен мемлекеттік қызметкерлерді вакцина алуға міндеттеуге қарсылық білдірді. Айта кетсек, жергілікті үкімет полиция офицерлері, жауынгерлер және кейбір мамандық иелері наурыздан бастап екпе салдырулары керек деген бұйрық шығарды. Алайда демонстрацияны ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінде коронавируспен госпитальде жатқандардың жартысы – толық вакциналғандар екен.

Чехия халықты иммундаудан деңгейі бойынша Еуропа одағында артта келеді. Осының салдарынан ауруханалар ковидке шалдыққан науқастарды емдеп үлгере алмай, көмекке армия мен еріктілерді тартуға мәжбүр.

Арыстан Рысбек


Чехия

Хабарламаларға жазылу