Жезқазғандағы жұқпалы аурулар госпиталі науқастарды қабылдауға дайын

03.12.2020

Жезқазған қаласындағы жаңадан ашылған жұқпалы аурулар госпиталі науқастарды қабылдауға дайын. 200 адамға арналған емдеу мекемесінде 20 орындық жансақтау бөлімі бар. Ашылғанына аз ғана уақыт болғанымен, ұжым дәрігерлері кесел жұқтырған 100-ден астам адамды емдеп шығарды. Оның әрбір бесіншісі індеттің ауыр түріне шалдыққан. «Мұндай нәтижеге заманауи құрал-жабдық пен дәрі-дәрмектің және білікті дәрігерлердің арқасында қол жеткіздік», - дейді госпиталь басшысы. Мұндағы дәрігерлердің көбі Қарағанды мен Нұр-Сұлтан қаласынан келіп жұмыс істеп жатыр.

Қарлығаш Шариязданова, Жезқазған қаласындағы жұқпалы аурулар госпиталінің директоры:
Мұндай әлемдік деңгейдегі керемет стационар Қарағанды облысының басқа еш өңірінде жоқ. Қазір біз жансақтау бөліміндегі және стационардағы медицина мамандарына бар білгенімізді үйретіп жатырмыз. Түрлі тренингтер, нұсқаулықтар өткіземіз. 

Руслан Нұрланұлы

Жезқазған

Хабарламаларға жазылу