Нұрдәулет Жұмағали жүзуден қола жүлдегер атанды. Жалпы еліміз атынан ерлер арасында екі жүзу шеберлері шықты. Брасс әдісімен өткен сайыста Нұрдәулет 100 метрді 1 минут 5 секундта жүзіп өтті. Осылайша, қазақстандықтардың байрақты бәсекедегі жүлделер саны беске жетті. Давид Дегтярев пауэр-лифтингтен алтын, Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет, Зарина Байбатина пара-дзюдодан күміс жүлдеге ие болған еді. Жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола медальге қол жеткізді. Паралимпиада ойындары 5 қыркүйекке дейін жалғасады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Паралимпиада 2020: Нұрдәулет Жұмағали жүзуден қола жүлдегер атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/144767/)